Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды
Жарияланған күні:

Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Нұрымбет Сақтағанов бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
ШҚО әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрымбет Сақтағанов 1970 жылғы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуан-төбе ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогика институтын, 2001 жылы МЭСИ Қашықтық білім беру институтын, 2003 жыл Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика мемлекеттік университетін, 2017 жыл С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Сырдария ауданы халыққа білім беру бөлімі №172 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып бастаған.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында, Қызылорда қалалық № 9 орта мектебінде (қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі) қызмет еткен.
Сондай-ақ Қызылорда облыстық кеден басқармасы кедендік қорғау және режим бөлімінің инспекторы, бас инспекторы, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы, кедендік бақылау комитеті органдарында бас сарапшы, төраға көмекшісі, бөлім басшысы, Қазақстан парламентінде өкімет өкілділігінің бас эксперті, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы сыртқы инвестиция көздерін жоспарлау бөлімі бастығы, министр көмекшісі, министр кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Бұдан бөлек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі миграция комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.
Сонымен қатар ол Қызылорда облысы әкімнің орынбасары, Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының, Абай облысы Жарма ауданының және Семей қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2023 жылғы 8 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысын басқарған Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2221334-shygys-qazaqstan-oblysyna-zhanga-akim-tagaiyndaldy/