jitsu gif
Саясат

    Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

    Берік Уәли
    Берік Уәли. Фото: aqorda.kz

    Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Берік Уәли бұған дейін Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

    Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Берік Уәли 1977 жылы Семей облысында дүниеге келген.

    Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "Кинотанушы", Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1997 жылы "Таң" телекомпаниясында "Алматы жаңалықтары" ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.

    1998-1999 жылдары – "НТК" телеарнасында "Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы.

    2000-2007 жылдары – "31 канал" телерадиокомпаниясында "Информбюро" ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, "Еркін сөз" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, "Дода" саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі.

    2007-2012 жылдары – "Хабар" Агенттігі" АҚ  Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі, "Бетпе-бет" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.

    2009-2012 жылдары – "Нұр Отан" партиясы "Нұр-Медиа" ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы.

    2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

    2015-2016 жылдары – "Нұр-Отан" партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.

    2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

    2017-2018 жылдары – "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "1-студия" қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.

    2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы.

    2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

    2022-2023 жылдары – "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы.

    2023 жылғы 12 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

    "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының (2011); "Құрмет" орденінің (2019); Қазақстан Республикасы Президенті Алғысының (2021); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің (2022) және 5 мерекелік медальдің иегері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.