Руслан Берденов Шымкентте лауазымды қызметке тағайындалды
Жарияланған күні:

Мәжіліс депутаты болған Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін "Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Procter & Gamble LLP компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары EASTCOMTRANS ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары Aq Niet Group бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылғы наурыз айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан парламенті мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2223293-ruslan-berdenov-shymkentte-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/