jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Мемлекеттік басқару академиясының ректорын ауыстырды

    Азамат Жолманов
    Азамат Жолманов. Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

    Азамат Жолманов президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды

    "Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік басқару академиясын Ерлан Қуанышұлы Әбіл басқарған еді. Ол мемлекет басшысының өкімімен қызметінен босатылды.

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Азамат Жолмановтың мемлекеттік басқару саласында 10 жылдам астам еңбек өтілі бар.

    Ол "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

    Еңбек жолын Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған. Кейін Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаменті директоры лауазымдарын атқарған. 

    2022 жылғы 7 ақпаннан жаңа тағайындауға дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.