Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады
Жарияланған күні:

Әлібек Ахмедьяр Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Әлібек Ахмедьяр бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы болған.
Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Оңтүстік Калифорния университетінің магистратурасын (құқық магистрі) бітірген.
Еңбек жолын Индустрия және сауда министрлігінде Заң департаментінің сарапшысы қызметінен бастаған.
Әр жылдары Білім және ғылым министрлігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңсесінде түрлі қызметте еңбек етіп, Сыртқы істер министрлігінде Заң қызметі департаментінің директоры болған.
2022 жылғы 9 наурызда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2224101-alibek-ahmediar-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttigi-toragasynyng-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/