jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасарын – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасын тағайындады

    Абай Қайырбеков
    Абай Қайырбеков. Фото: ҚР ІІМ ҚАЖ

    Абай Қайырбеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми сайтында Абай Қайырбековтың бұған дейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары болғаны айтылған.

    Абай Қайырбеков 1975 жылы 29 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    1998 жылдан бастап Ішкі істер органдарында қызмет етеді. Қызметін кәмелетке толмағандар жөніндегі жедел уәкіл қызметінен бастаған. Кейін ІІМ ведомстволарында түрлі лауазымдарда (соның ішінде жедел) қызмет атқарған. 2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтерде болған.

    Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасарын – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасын тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.