jitsu gif
Саясат

    Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған шенеунік ертесіне қызметінен кеткен

    Әсет Шопанов
    Әсет Шопанов. Фото: facebook.com/AktauPress

    Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов ертесіне қызметінен кеткен. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Lada.kz хабарлайды.

    Басылымның жазуынша, әкімдік өкілдері Әсет Шопановтың қызметінен өз еркімен кеткенін айтқан.

    "Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Келесі күні, 4 наурызда ол қызметінен кетті", - деп түсіндірген ведомстводағылар.

    Айта кетейік, 3 наурызда Ақтау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғаны белгілі болды. Бұл қызметке 2022 - 2024 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған Әсет Шопанов келген еді.

    Былтыр Әсет Шопановтың Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) жауапкершілікке тартылғаны, сондай-ақ тәртіптік жазаға тартылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.