Саясат

Зектілері

Қазақстанның Польшадағы елшісі ауысты

Жарияланған күні:

Нұрлан Жалғасбаев
Нұрлан Жалғасбаев. Фото: Қазақстан Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанның Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі ауысты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстанның Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Оның орнына Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстанның Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Ол Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Шри-Ланкадағы, Бангладештегі, Непалдағы, Бутандағы, Мальдивтегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Нұрлан Жалғасбаев 1970 жылы 2 сәуірде Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген. Петрозаводск мемлекеттік университетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы Азия елдері басқармасының референті ретінде бастаған. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, оның ішінде Көпжақты ынтымақтастық департаментін, Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментін және Еуропа департаментін басқарған.

Сондай-ақ Қазақстанның Литва, Грузия, Норвегия, Италиядағы елшіліктерінде және Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде жұмыс істеген. 1999-2000 жылдары Қазақстан президенті протоколы басшысының орынбасары болған. 2016-2019 жылдары АӨСШК-де жұмыс істеген.

I сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2233761-qazaqstannyng-polshadagy-elshisi-auysty/