jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа бас директоры тағайындалды

    Қуаныш Бишімов
    Қуаныш Бишімов. Фото: t.me/kmgpress

    Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаздың" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС ("АМӨЗ" ЖШС) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысындағы шешім бойынша зауыттың бас директоры (басқарма төрағасы) қызметіне Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы тағайындалды.

    Жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ аппарат басшысы Алимұхаммед Құттұмұратұлы таныстырды", - делінген хабарламада.

    Қуандық Бишімов әр жылдары кеден органдарында, Экономика және сауда министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетіне қарасты "Резерв" РМК-да жұмыс істеген.

    Сондай-ақ "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ бас директоры, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

    Жаңа тағайындауға дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры болған.

    Ал бұған дейін "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы бас директоры (басқарма төрағасы) болған Ғалымжан Омарұлы Жусанбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

    Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа бас директоры тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.