Экс-министр Қанат Шарлапаев тағы бір қызметке сайланды
Опубликовано:
Бұрынғы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KASE тикері – BTRK) жалғыз акционердің 2025 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен Қ.Б. Шарлапаев холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қанат Шарлапаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған еді.
Ал биыл ақпанда ол Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылып, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған болатын.
Бұдан бөлек, Шарлапаев – Қазақстанның регби федерациясының төрағасы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2239272-eks-ministr-qanat-sharlapaev-tagy-bir-lauazymga-ie-boldy/