jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Президенттің баспасөз хатшысының экс-орынбасары Абай облысында лауазымды қызметке тағайындалды

    Эльдар Бақпаев
    Эльдар Бақпаев. Фото: instagram.com/abai_oblysynyn_akimdigi

    Эльдар Бақпаев Абай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Kazinform агенттігінің мәліметінше, Эльдар Бақпаев 1986 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген.

    2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің "Журналистика" мамандығын, 2021 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистратурасын тәмамдаған, "Экономика ғылымдарының магистрі" академиялық дәрежесі берілген.

    Еңбек жолын 2009 жылы Павлодар қаласындағы "Ирбис ТВ" телекомпаниясынан бастаған.

    Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, "Хабар 24" телеарнасының директоры қызметтерін атқарды.

    Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысының орынбасары болған.

    Президенттің баспасөз хатшысының экс-орынбасары Абай облысында лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.