jitsu gif
Саясат

    Гүлзат Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

    Гүлзат Көбенова
    Гүлзат Көбенова. Фото: primeminister.kz

    Үкімет қаулысымен Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

    Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 

    2002-2009 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтер атқарған. 

    2009-2010 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы болған.

    2010-2018 жылдары Білім және ғылым министрлігінде түрлі лауазымды қызмет атқарған.

    2018-2019 жылдары – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары.

    2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында – Қазақстан президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы.

    2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін – БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.

    2020-2022 жылдары – БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.

    2022-2023 жылдары – ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.

    2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы болып қызмет еткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.