jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бұрынғы энергетика вице-министрі Жамауов жаңа қызметке тағайындалды

    Әлібек Жамауов
    Әлібек Жамауов. Фото: QazaqGaz ҰК АҚ

    Әлібек Жамауов QazaqGaz ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазынаның" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық компания ұжымына жаңа басшыны "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов таныстырған.

    Әлібек Жамауов бұған дейін Қазақстанның энергетика вице-министрі болды.

    Ол 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2005 жылы Agip Kazakhstan Caspian Operating компаниясында кіші кеңесші ретінде бастаған.

    2006-2009 жылдары аталған компанияда кеңесші, супервайзер қызметтерін атқарған.

    2009-2015 жылдары –"Жамбыл Петролеум" ЖШС менеджері.

    2015-2019 жылдары – "Жамбыл Петролеум" ЖШС атқарушы директоры.

    2019-2020 жылдары PSA ЖШС техникалық тобының жетекшісі, 2020-2023 жылдары бас директордың орынбасары болған.

    Айта кетелік, осыған дейін QazaqGaz ҰК АҚ-ны Санжар Жаркешов басқарды.

    Бұрынғы энергетика вице-министрі Жамауов жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.