Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Жарияланған күні:
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болып Олжас Төлебаев тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болып Олжас Төлебаев тағайындалды", - делінген хабарламада.
Олжас Болатұлы 1988 жылы 29 қазанда Алматы облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын, 2020 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматыда "Ауыл Құрылысы" ЖШС-інде шебер болып бастап, онда инженер, бас директордың орынбасары қызметін атқарған.
2012 жылдан бастап мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органдарында әртүрлі қызмет атқарған.
2016-2019 жылдары Алатау және Бостандық аудандарында қайта жоспарлау, реконструкциялау, сонымен қатар сәулет-құрылыс бақылауын бақылау бөлімшелерін басқарған.
2020 жылдан бастап Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары болған.
Айта кетелік, бұған дейін Қала құрылысын бақылау басқармасы басқарған Данияр Қырықбаев Алатау ауданының әкімі болып тағайындалған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2282400-almatynyng-qala-qurylysyn-baqylau-basqarmasynyng-zhanga-basshysy-tagaiyndaldy/