Мағжан Ілиясов Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мағжан Ілиясов Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Мағжан Ілиясов 1996 жылы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетін тәмамдаған. Сондай-ақ дипломаттарға арналған оқу курстарын, Гаагадағы Клингендал халықаралық қатынастар институтын бітірген. Одан бөлек Гарвард университеті Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінде оқып, мемлекеттік басқару магистрі атанған.
Еңбек жолын 1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдар және Халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің референті, атташесі болып бастаған.
1998 - 1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы және Халықаралық экономикалық ұйымдар департаментінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
1999 - 2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының халықаралық сапарлар бөлімі.
2007 - 2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2013 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.
2013 - 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.
2016 - 2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Тұрақты өкіл.
2020 - 2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі.
2022 жылғы 6 қазаннан бастап – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2023 жылғы 18 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Исландия және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды.
Еске сала кетейік, өткен айдың соңында Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2298984-magzhan-iliiasov-qazaqstannyng-aqsh-tagy-totenshe-zhane-okiletti-elshisi-bolyp-tagaiyndaldy/