jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыдағы Бостандық ауданына жаңа әкім келді

    Азамат Қалдыбеков
    Азамат Қалдыбеков. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (АҚШ, Солтүстік Каролина) құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.

    Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жетекші маман қызметінен бастаған.

    Әр жылдары Ұлттық банк, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеген.

    2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы болса, 2018 жылғы шілдеден 2019 жылғы наурызға дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы болған.

    2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары және Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2020-2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болған.

    2024 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

    2019 жылы Президенттік жастар кадр резервіне енген.

    Алматыдағы Бостандық ауданына жаңа әкім келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.