jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Нұрлан Байбазаров Тоқаевтың көмекшісі қызметіне тағайындалды

    Нұрлан Байбазаров
    Нұрлан Байбазаров: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

    Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы қызметінен босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Нұрлан Байбазаров 1975 жылы 10 қазанда дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

    1997-2003 жылдары Қаржы министрлігінде жұмыс істеген.

    2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарған.

    2013 жылдан 2016 жылға дейін Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментін басқарған.

    Бұдан бөлек, әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жұмыс істеген.  

    2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы, 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасы, кейін "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның басқарма төрағасы болған.

    2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалып, сол жылдың 21 желтоқсанында қызметінен босатылды.

    Нұрлан Байбазаров Тоқаевтың көмекшісі қызметіне тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.