jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Серік Сәпиевке қатысты жанжал: оның орнына кім тағайындалды

    Нұркен Нұратов
    Нұркен Нұратов. Фото: gov.kz

    Туризм және спорт министрлігі Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram желісіндегі арнасының хабарлауынша, Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Жиында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.

    Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы Нұркен Нұратовтың кандидатурасын мақұлдады.

    "Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңір спортын дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарабынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

    Айта кетерлігі, кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

    Серік Сәпиевке қатысты жанжал

    Биыл қаңтарда желіде Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болғаны туралы хабарлама тарады. Желіде жанжалға қатысты видео жарияланды.

    Серік Сәпиев орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжал туралы пікір білдіріп, оқиғаның себебін түсіндірді. Басқармада тексеріс жүргізілді.

    Кейін екі шенеунік те қызметінен босатылды. Содан соң Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

    Серік Сәпиевке қатысты жанжал: оның орнына кім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.