jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалды

    Мұрат Ергешбаев
    Мұрат Ергешбаев. Фото: mazhilis.parlam.kz

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Мәжілістің ресми сайтындағы мәліметке сүсенсек, Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылорда қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғарғы мемлекеттік басқару мектебін бітірген.

    Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданында Жамбыл кеңшарының экономисті ретінде бастап, Сырдария аудандық өнеркәсіп бірлестігінің бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ облыста банк саласында түрлі басшылық лауазымдар атқырып, Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өрт сөндіруші" акционерлік қоғамының вице-президенті болған.

    2008-2017 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, облыстық қаржы басқармасының бастығы, Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі, Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, "ҚазАгроӨнім" акционерлік қоғамының басқарушы директоры, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

    2017 жылғы қазан айынан бастап Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

    2021-2023 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі болды.

    Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.