Мұрат Ергешбаевтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне кіріскендіктен, депутаттық мәртебесінен айырылды.
"Біз алғашқы күндерден бастап тығыз жұмыс істедік. Барлық депутаттың атынан мәжілістегі белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Өткен аптада ол Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, бұл өте жауапты қызмет. Біз оған жемісті жұмыс тілейміз", - деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Естеріңізге сала кетейік, 8 мамырда Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалған болатын. Қазақстан президенті бұл қызметке Мұрат Ергешбаевты тағайындау жөніндегі жарлыққа қол қойған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2375865-murat-ergeshbaevtyng-mazhilis-deputaty-retindegi-okilettigi-toqtatyldy/