jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Асламбек Мерғалиев Жоғарғы соттың төрағасы болып қайта тағайындалды

    Асламбек Мерғалиев
    Асламбек Мерғалиев. Фото: ҚР Жоғарғы соты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасын тағайындады. Бұл лауазымға қайтадан Асламбек Мерғалиев ие болды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Жоғарғы соттың ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Асламбек Мерғалиев 1972 жылы дүниеге келген.

    Стамбұл мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Сот жүйесінде 2001 жылдан бері қызмет етіп келеді.

    Кәсіби қызметін Павлодар облыстық сотының бас маманы болып бастаған.

    2003-2007 жылдары – Павлодар қалалық сотының судьясы.

    2007-2008 жылдары – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

    2008-2012 жылдары – Екібастұз қалалық сотының төрағасы.

    2012-2014 жылдары – Павлодар қаласы №2 сотының төрағасы.

    2014-2015 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

    2016-2021 жылдары – Қостанай облыстық сотының төрағасы.

    2021-2022 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы лауазымдарын атқарған.

    2022 жылдың 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Берік Асылов Қазақстанның бас прокуроры болып қайта тағайындалған еді.

    Асламбек Мерғалиев Жоғарғы соттың төрағасы болып қайта тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.