Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшылығынан кетті
Жарияланған күні:
Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Жалғыз акционердің шешімімен "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы лауазымына 2025 жылғы шілдеде тағайындалған еді.
Сол кезде оның теміржол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар екені айтылған болатын.
Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жолы:
- 1992-1998 жылдары – Батыс Қазақстан теміржолында тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.
- 1998-2007 жылдары – "Қазақстан Темір Жолы" АҚ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, "Қазтранссервис" МКД директоры, "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
- 2008-2019 жылдары – "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС бас директоры, Kazakhmys Maker ЖШС басқарма төрағасы.
2024 жылдан 2025 жылғы шілдеге дейін "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2397151-talgat-aldybergenov-qtzh-basshylygynan-ketti/