jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып кім тағайындалды

    Бауыржан Орынбасаров
    Бауыржан Орынбасаров. Фото: railways.kz

    Бүгін Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басқарма төрағасы қызметінен кеткені мәлім болды. "Самұрық-Қазына" баспасөз қызметінің өкілдері оның орнына кім келгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Бауыржан Орынбасаров "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

    ҚТЖ сайтының мәліметіне сүйенсек, ол 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директор болды.

    Бауыржан Орынбасаров еңбек жолын 1994 жылы Батыс Қазақстан темір жолы Қызылорда теміржол станциясында жолдар бойынша кезекші болып бастады. 1997 жылдан бастап ҚТЖ-да әртүрлі лауазымда жұмыс істеп келеді.

    Еске сала кетейік, бүгін Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы лауазымынан босатылды.

    ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып кім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.