jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

    Шыңғыс Әрінов
    Шыңғыс Әрінов. Фото: akorda.kz

    Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Айта кетейік, Шыңғыс Әрінов 2024 жылы ақпанда Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды. Оған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметін атқарған.

    Шыңғыс Әрінов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастар" факультетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында "құқықтану" мамандығы бойынша, Азаматтық авиация академиясын "Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылғанын хабарлағанбыз.

    Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram