Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды
Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін сағат 10:00-де Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Алматы облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2422989-marat-sultangaziev-almaty-oblysynyng-akimi-lauazymynan-bosatyldy/
