jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Мұрат Бөрібаев
    Мұрат Бөрібаев,. Фото: instagram.com/jezkazgan_akimdigi

    Жезқазған қаласының жаңа әкімі болып бұған дейін Сәтбаев қаласын басқарған Мұрат Бөрібаев тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бүгін Жезқазған қаласының активіне жаңа әкімді таныстырған.

    Бүгіннен бастап, облыс орталығын Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев басқарады.

    Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген.

    Металлургия, экономика және бизнес бакалавры, мемлекеттік Менеджмент магистрі. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

    Еңбек жолын "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС филиалы "Қарағандытүстімет" ӨБ "Нұрқазған" байыту фабрикасы бас корпусының үшінші разрядты флотаторы болып бастаған.

    2011-2012 жылдары "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "Қарағандытүстімет" ӨБ филиалының "Нұрқазған" байыту фабрикасы жетекшілігінің әкімшілік бас корпусында іс жүргізуші, кейін осы фабриканың бас корпусы бақылау цехының шебері болған.

    2012-2013 жылдары – "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "Қарағандытүстімет" филиалы Нұрқазған байыту фабрикасы бас корпусы цехының бастығы.

    2013-2014 жылдары – "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "Шығыстүстімет" ӨБ Орлов кеніші БФ бас инженері.

    2014-2015 жылдары – "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "ЖТМ" ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасы № 2 бас корпусы цехының бастығы.

    2015-2017 жылдары – "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "ҚТМ" филиалы Нұрқазған байыту фабрикасының директоры.

    2017-2024 жылдары "Жезқазғантүстімет" ӨБ № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасының директоры қызметін атқарған.

    Жаңа тағайындауға дейін Сәтбаев қаласының әкімі болған.

    Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Шайжанов Жезқазған әкімі лауазымынан кеткенін мәлімдеген болатын.

    Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram