Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шәкір Кейкин өз еркімен Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті. Бұл ақпаратты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Атырау облысының әкімдігі Шәкір Кейкиннің Атырау қаласының әкімі қызметінен кеткенін растады.
Естеріңізге сала кетейік, Шәкір Кейкин бұл қызметке 2023 жылғы шілдеде тағайындалған еді.
Биыл маусымда Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде қала әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуовтың да ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Осы жаңалықтардан соң Атырау тұрғындары "Қала әкімі Шәкір Кейкин қайда және неге ел алдына шықпай кетті?" деген сауал қоя бастады. Сол кезде Атырау әкімдігі оның денсаулығына байланысты демалыста болғанын, кейін жұмысқа шығып, өз міндеттерін атқарып жатқанын хабарлаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2427243-shakir-keikin-atyrau-qalasynyng-akimi-qyzmetinen-ketti/
