jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Айтқұрман Омарбеков
    Айтқұрман Омарбеков. Фото: ҚР МКҚ

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығын тағайындады. Бұл лауазымға Айтқұрман Омарбеков келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Айтқұрман Омарбеков 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген.

    Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін "Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру" мамандығы бойынша және Еуразия гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    1997-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Республикалық ұланында қызмет еткен.

    2014-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрамында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда болған.

    2022 жылғы қаңтарда ҚР президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған.

    2022 жылғы ақпанда ҚР президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысы болып тағайындалған.

    Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығында ауыс-түйіс болды. Дәурен Қосанов қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

    Сондай-ақ 3 қазанда президент қорғаныс министрінің екі орынбасарын және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатты.

    Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram