jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

    Ермек Көшербаев
    Ермек Көшербаев. Фото: ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі

    Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

    Естеріңізге сала кетейік, Ермек Көшербаев сыртқы істер министрі болып 2025 жылғы 26 қыркүйекте тағайындалған еді. Бұл қызметте ол Мұрат Нұртілеуді алмастырды.

    Биыл қыркүйекте Қазақстанның жаңа үкіметі жасақталған кезде Көшербаевтың орнына Қазақстан сыртқы істер министрі болып Мұхтар Тілеуберді тағайындалды.

    Ал Көшербаевтың кейінгі қызметі туралы ештеңе хабарланбады.

    Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram