Тоқаев Қазақстан елшіліктерінде кадрлық ауыс-түйіс жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еркін Тұқымовты Қазақстанның Пәкістандағы елшісі етіп тағайындады, ал Сәулекүл Сайлауқызын Марокко мен Тогодағы елші қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев та жаңа лауазымға тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2441893-toqaev-qazaqstan-elshilikterinde-kadrlyq-auys-tuiis-zhasady/