jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қасым-Жомарт, Иманғали: Отандық шенеуніктердің есімі қандай мағына береді?

    : UGC

    Ежелден адам есіміне ерекше мән беріледі. Ол адамды сипаттап, тағдырына да әсер етеді деген кенім бар. Осы орайда, еліміздегі жоғары шенді мемлекеттік қызметкерлердің есімдері не білдіретінін Sputnik-Қазақстан анықтаған деп жазады NUR.KZ

    kp.kz, kstnews.kz, oday.kz,Comode.kz
    Фото: kp.kz, kstnews.kz, тoday.kz, сomode.kz: UGC

    Қасым-Жомарт Тоқаев

    aikyn.kz
    Фото:aikyn.kz: UGC

    Байқағандарыңыздай парламент сенаты спикерінің есімі екі сөзден тұрады. Қасым мен Жомарт есімдерін бөлек жиі кездестіруге болады. Қасым сөзі араб тілінен аударғанда "әдемі, сұлу" мағынасын береді. Екінші есімі "дарқан және бекзат" мағыналарын біреді.

    Латын тілінде саясатшының есімі "Qasym-Jomart" болып жазылады.

    Гүлшара Әбдіқалықова

    today.kz
    Фото:today.kz: UGC

    Мемлекеттік хатшының есімі "гүл" және "шара" деген қос түбірден тұрады. Гүлдің қандай мағына беретіні баршаға мәлім болса, "шара" сөзі парсы "Сара" сөзінен шықса керек. Оның мағынасы "пәк, бекзат".

    Латынша жазылуы - Gu̇lshara.

    Иманғали Тасмағамбетов

    qazaquni.kz
    Фото:qazaquni.kz: UGC

    Бұрынғы премьер-министр және қазіргі Ресейдегі Қазақстан елшісінің есімі екі сөздің бірігуінен пайда болған. "Иман" араб сөзі, ол "Аллаға сену" мағынасын береді, ал "ғали" сөзінің мағынасы "асқақ, еңселі".

    Латын тілінде "Imanġali" деп жазылады.

    Қалмұханбет Қасымов

    ortcom.kz
    Фото:ortcom.kz: UGC

    Мақала авторларының болжамынша, ішкі істер министрінің есімі "қал", яғни денедегі дақ және "мұхан" түркі тілден алынғанда "жұмысшы", сонымен қатар "бет", яғни адамның жүзі деген үш түбірдің бірігуінен пайда болған.

    Латын тілінде министр есімі "Qalmuhanbet" болып жазылады.

    Архимед Мұхамбетов

    kstnews.kz
    Фото:http:kstnews.kz: UGC

    Бұл тізімдегі ең ерекше есім Қостанай облысының әкіміне тиесілі сыңайлы. Бұл есім бізге ежелгі грек ғалымы арқылы таныс. Оның мағынасы "ой иесі" екен.

    Латынша "Arhimed" деп жазылады.

    Қасым-Жомарт, Иманғали: Отандық шенеуніктердің есімі қандай мағына береді?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.