jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Назарбаев Конституциялық Кеңеске жүгіну себебін түсіндірді (видео)

    : Facebook

    Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңеске өтініш білдіруге байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

    Фото: Ақорда
    Фото: Ақорда: Facebook

    Президент еліміздің заңнамалық актілеріндегі барлық олқылықтарды жою үшін түсіндіру жұмыстарына 20 реттен де көп жүгінгенін алға тартты.

    Сондай-ақ, мемлекет басшысы сайлаудың мерзімінен бұрын өтуі мүмкін екенін жеткізді. Ол барлық үдерістер мен мерзімдер сипатталған Конституцияны оқуға кеңес берді.

    "Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы қабылданған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Конституциялық Кеңеске 220 өтініш, оның ішінде 22 президенттік өтініш жіберілді.

    "ҚР Конституциялық Кеңесі туралы" Заңға сәйкес, Конституцияны ресми түсіндіру құқығына Конституциялық Кеңес ие. Ал заңнамадағы олқылықтардың болуы қалыпты құбылыс болып табылады.

    Мысалы, Конституцияда президентті ауыстыру шарттары айқындалмаған,сондай-ақ оның өз еркімен отставкаға кету жағдайлары көрсетілмеген. Әлемнің барлық конституцияларында мұндай нормалар бар. Осы аспектілердің өзектілігіне байланысты мен Конституциялық Кеңестен осы ережелерді түсіндіруді өтіндім.

    Бүгінде қоғамды сайлау мәселесі қызықтырады. Алайда, бұл тақырып төңірегінде дүрлігудің қажеті жоқ. Ел Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда сайлау өткізудің тәртібі мен уақыты, өкілеттіктің аяқталу мерзімі нақты жазылған.

    Конституция шеңберінде президенттің мерзімінен бұрын сайлау жариялауға құқығы бар, алайда бұл күтілмейді. Сондықтан тыныштықты сақтап, күнделікті қызметпен айналысуды жалғастыру қажет", - деді Назарбаев.

    Назарбаев Конституциялық Кеңеске жүгіну себебін түсіндірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.