jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Неке жүзігін тақпайтын отандық отбасылы саясаткерлер кімдер?

    : UGC

    Отбасылық жағдайын паш ету немесе жасырын ұстау - әркімнің өз таңдауы. Алайда, адамның үйленгенін неке жүзігіне қарап-ақ анықтауға болады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ажырасқаны жөніндегі ақпараттан соң, KAZ.NUR.KZ отандық шенеуніктердің арасында кім неке жүзігін шешпей киетінін тексеріп көрді.

    Премьер-министр Асқар Мамин

    Желідегі ақпаратқа сәйкес, Асқар Мамин үйленген, екі баланың әкесі. Алайда, премьер-министр неке жүзігін тақпайды.

    Фото: primeminister.kz
    Фото: primeminister.kz: UGC

    26 наурыз күні үкімет пен Ұлттық банк арасындағы келісімге қол қойылған. Бұл жиында да Асқар Мамин жүзіксіз отырды.

    Оған қоса, отбасылы екені белгілі Ерболат Досаевтың да неке жүзігін тақпайтыны анықталды.

    Фото: primeminister.kz
    Фото: primeminister.kz: UGC

    24 наурыз – Асқар Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге футбол ойынына келген. Суретте оның бұл жолы да жүзіксіз екенін аңғаруға болады.

    Фото: akorda.kz
    Фото: akorda.kz: UGC

    Президент әкімшілігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев

    Президент Тоқаевпен бірге түскен суретте Бақытжан Сағынтаевтың саусағында да неке жүзігі жоқ. Әкімшілік төрағасы отбасылы адам.

    Сағынтаевтың неке жүзігін тақпайтынын 21 ақпан күні үкіметті отставкаға жіберу кезіндегі суретінен де байқауға болады.

    Фото: primeminister.kz
    Фото: primeminister.kz: UGC

    Бірінші президент қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев.

    Ашық дереккөздердің мәліметінше, Исекешев отбасылы адам. Алайда, үйленгеніне қарамастан шенеунік жүзік тақпайды.

    Мысал ретінде 6 наурыз күні Назарбаевпен өткен жиналыс барысында жасалған суретті келтіруге болады.

    Скриншот: akorda.kz
    Скриншот: akorda.kz: UGC

    Бұл суреттен бөлек, 2018 жылы 11 қараша күні өткен жиналыс кезінде де Исекешев неке жүзігінсіз отыр.

    Фото: akorda.kz
    Фото: akorda.kz: UGC

    Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев

    Сапарбаев та ашық дереккөздерге сәйкес, үйленген. Алайда, саясаткер неке жүзігін тағуды жөн санамаса керек.

    Коллаж суреттері: primeminister.kz сайтынан
    Коллаж суреттері: primeminister.kz сайтынан: UGC

    Үкімет отырыстарына да Сапарбаев неке жүзігін мүлде тақпай келеді.

    Коллаж суреттері: primeminister.kz сайтынан
    Коллаж суреттері: primeminister.kz сайтынан: UGC

    Мына суреттерде премьер-министр орынбасары әрі қаржы министрі Әлихан Смайловтың да жүзіксіз отырғанын аңғаруға болады.

    Коллаж суреттері: primeminister.kz сайтынан
    Коллаж суреттері: primeminister.kz сайтынан: UGC

    Үкімет отырыстарындағы видеоларды қарап шығып, Смайловтың да үнемі неке жүзігінсіз жүретінін айтуға болады. Оның өмірбаянында әйелі мен екі баласы бар екені жазылған.

    Коллаж суреттері: primeminister.kz сайтынан
    Коллаж суреттері: primeminister.kz сайтынан: UGC

    Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

    Ашық дереккөздердің мәліметінше, Біртанов үйленген, төрт баласы бар. Бірақ, министр неке жүзігін тақпайды.
    Скриншот: primeminister.kz
    Скриншот: primeminister.kz: UGC

    Министрліктің жаңа мүшелері - ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен Роман Скляр да отбасылы адамдар. Алайда, үшеуі де неке жүзігін тақпай жүреді.

    Скриншот: primeminister.kz
    Скриншот: primeminister.kz: UGC

    СІМ министрі Бейбіт Атамқұлов

    Сыртқы істер министрі неке жүзігін тағатын шенеуніктердің қатарында. Атамқұловтың әйелі мен үш баласы бар.

    Скриншот: primeminister.kz
    Скриншот: primeminister.kz: UGC

    Тіпті ресми іс-шаралар кезінде де оның қолында отбасылық символ жарқырап тұрады.

    Фото: sputniknews.kz
    Фото: sputniknews.kz: UGC

    Неке жүзігін тақпайтын отандық отбасылы саясаткерлер кімдер?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.