jitsu gif
Саясат

    Әміржан Қосанов президенттікке үміткер атанды

    : Facebook

    Бүгін, 26 сәуір күні Алматыда "Ұлт тағдыры" ұлттық патриоттық бірлестік" қоғамдық бірлестігінің баспасөз-конференциясы өтіп, Қазақстан президенті лауазымына кезекті кандидат ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
    Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

    Қоғамдық бірлестік президент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдады.

    Осылайша, ҚБ өз үміткері ретінде Қосанов Әміржан Сағидрахманұлын ұсынды.

    "Қоғамдық бірлестік жиын өткізді. Барлығы өз ойларын ортаға салды. Бір адам ғана сайлауға қатысуға қарсы екенін мәлімдеді, қалғандары келісті.

    Мен ресми түрде бірлестіктің құрамында емеспін. Бірақ, төраға ҚБ атынан мені ұсынатынын айтты. Мен үшін бұл үлкен мәртебе. Менің кандидатурамды барлығы қолдады, бір адам ғана қалыс қалды.

    Мен президенттікке үміткер атанғанымды, егер ОСК-ға тіркесе, мемлекет басшысы лауазымы үшін күресетінімді мәлімдеймін.

    Сайлауға түскен кез келген тұлға мемлекеттің мәселелерін айқын білуі тиіс деп есептеймін. Барлығы конституцияға кіреді.

    Мен конституциялық кеңес құрамын, осылайша биліктің тармақталған конституциясына қайта ораламыз. Онсыз демократиялы ел құра алмаймыз. Менің алғашқы қадамым-конституциялық кеңес құру болмақ", -деді Қосанов ұсынылғаннан кейін.

    Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
    Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
    "Президенттік сайлау- билік халықтың даусын естуі тиіс болатын апогей. Менің риторикамда ештеңе өзгермейді. Өз қағидаттарымнан кері шегінбеймін.
    Егер конституциялық реформамен айналысатын билік болса, мен қолдаймын. Бұл ең әділ сайлау болуы керек",- деп түйіндеді ол.

    Айта кетейік, ОСК-да кандидат ретінде Садыбек Түгел ("Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы), Қасым-Жомарт Тоқаев (Nur Otan партиясы), Амангелді Таспихов (Қазақстан кәсіподақтары Федерациясы) және Дания Еспаева ("Ақ жол" демократиялық партиясы) тіркелген.

    Сондай-ақ бүгін Қазақстан компартиясы өз кандидаты ретінде Жамбыл Ахметбековті ұсынды.

    Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
    Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Facebook

    Әміржан Қосанов президенттікке үміткер атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.