jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев «Халықтық бақылауды» Қазақстанда кеңінен таратуды тапсырды

    : Facebook

    Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа осында жүзеге асырылып жатқан жаңа «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды.

    Ақтөбе феррорқорытпа зауытында Мемлекет басшысына «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды
    : Facebook

    Бастама кәсіпорындағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті бақылауды нығайтуды көздейді. «Халықтық бақылауға» негізінен кезінде өндірістік кәсіпорында еңбек етіп, жарым жан болып қалған адамдар жұмылдырылған. Олар қашықтықтан, зауыттағы қауіпсіздік ережелерінің қалтқысыз сақталуын бейнекамераның көмегімен бақылайды.

    Мемлекет басшысы жобаның әлеуметтік маңызын атап өтіп, оның іске асырылу нәтижелерін жоғары бағалады, сондай-ақ, бұл тәжірибені кеңінен қолдануды тапсырды.

    "Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Өйткені, өндірісте жарақат алып қалу қауіпі жоғары болғандықтан, бұндай жұмыс өте пайдалы және қажет. Еңбеккерлерді әлеуметтік жағынан қызықтыратын жобаның маңызы зор", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
    Ақтөбе феррорқорытпа зауытында Мемлекет басшысына «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды
    : Facebook

    Бастама авторлары мүмкіндігі шектеулі жандар қатарындағы «халықтық бақылаушыларды» тек өндіріс қана емес, қалалардағы қауіпсіздікке мониторинг жасау ісіне де жұмылдыруға әбден болады деген пайымда. Қазіргі таңда Қазақстанда мүгедек деп танылған 630 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың тек 30%-ы жұмысқа орналастырылған.

    «Халықтық бақылау» жобасы осы адамдарды толыққанды жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік бермек. Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы Пилоттық жобаға 16 оператор қатысып жатыр. Барлығы қашықтықтан еңбек етіп, зауыттағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын 13 камераның көмегімен бақылайды. Жұмыс 4 сағаттық ауысыммен атқарылады. Осылайша ереженің сақталуы тәулік бойы бақылауда.

    Ақтөбе феррорқорытпа зауытында Мемлекет басшысына «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды
    : Facebook

    Жобаға кіріспес бұрын операторлар өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша оқытылып, компьютерлік сауаттылық дағдыларына машықтанды. Барлық бақылаушылар Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес, кәсіпорын штатына жұмысқа қабылданған.

    Естеріңізде болса, ертеректе Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы "iKomek" қоғамдық қабылдауының жұмысын танысып, бұл тәжірибені де Қазақстанның өзге де өңірлеріне тарату керектігін тапсырған. Жүйе қаладағы қауіпсіздікке бейнебақылау жүйесі арқылы мониторинг жүргізуді көздейді.

    Тоқаев «Халықтық бақылауды» Қазақстанда кеңінен таратуды тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.