jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ТС
    Тилеген Султан
    Бұрынғы қызметкер

    Қорғаныс министрі технологиялардағы серіктестік бойынша бесінші халықаралық симпозиумды ашты

    : Facebook

    Нұр-Сұлтан қаласында әскери ведомство басшысы генерал-майор Н. Ермекбаевтың қатысуымен бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша БҰҰ бесінші симпозиумының ашылу рәсімі өтті.

    Қорғаныс министрі бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша бесінші халықаралық симпозиумның жұмысын ашты
    : Facebook

    Алғаш рет Қазақстанда «Болжам. Қорғаныш. Алдын алу (Predict, Protect, Prevent)» тақырыбында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығымен бірлесе ұйымдастырылған бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының бесінші симпозиумы басталды.

    ҚР Қорғаныс министрінің шақыртуы бойынша симпозиумға БҰҰ Бас хатшысының жедел дайындық және бітімгершілік операциялар жөніндегі орынбасарлары Атул Харе мен Жан-Пьер Лакруа қатысуда.

    Қорғаныс министрі бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша бесінші халықаралық симпозиумның жұмысын ашты
    : Facebook

    Өткізіліп жатқан іс-шара БҰҰ-ның бітімгершілігін одан әрі жетілдіру аясында өзекті мәселелерді қарастыру үшін алаң болып табылады. Бұл мәнмәтінде Қазақстан Республикасы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында анағұрлым қауіпті және тиімді қызметке ықпал ететін технологиялық аспаптар мен тың жаңалықтар бойынша бірқатар ұсыныстар енгізуге ниетті.

    Қазақстанның астанасында аталмыш шараның өткізілуі жоғары деңгейдегі халықаралық консультацияларды өткізуге арналған алаң ретінде Нұр-Сұлтанның имиджіне сай келеді.

    Қорғаныс министрі бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша бесінші халықаралық симпозиумның жұмысын ашты
    : Facebook

    Симпозиум бітімгершілік қызметтің барлық қатысушылары арасында тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыруға, бұған зерттеу және талдау орталықтарын тартуға мүмкіндік береді, бұл өзге елдердің тәжірибесін зерделеуге, сондай-ақ БҰҰ-ның мүше мемлекеттері қандай инновациялық идеяларды енгізіп жатқанын білуге мүмкіндік туғызады.

    БҰҰ-ның аталмыш шарасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының тұрақсыз мүшелігінің қисынды аяқталуы болмақ. Сондай-ақ болашақ қазақстандық бітімгершілік бастамаларды ілгерілетуге ықпал етеді.

    Қорғаныс министрі бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша бесінші халықаралық симпозиумның жұмысын ашты
    : Facebook

    Бітімгершілік бойынша БҰҰ-ның симпозиумдары 2014 жылы Италияда, 2015 жылы Аустрияда. 2016 жылы Оңтүстік Кореяда және 2018 жылы Германияда өткенін естеріңізге сала кетейік.

    Қорғаныс министрі технологиялардағы серіктестік бойынша бесінші халықаралық симпозиумды ашты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.