jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті болып сайланды

    : UGC

    Бүгін Нұр-Сұлтандағы ОСК ашық отырсында Қазақситандағы президенттік сайлаудың нәтижелері жария етілді - Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің президенті болып сайланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: UGC

    ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты сайланған президент ретінде санауды, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында кезектен тыс сайлаудың қорытындыларын жариялау туралы шешім шығарды.

    "Бүгін біз елімізде екі айға созылған сайлау кампаниясының жұмысын тоқтаттық. Кезектен тыс президент сайлауының нақты нәтижесі белгілі болды. Қазақстан Республикасының президенті сайланды. Баршаңызды осы маңызды мемлекеттік шарамен құттықтаймын", - деді Орталық сайлау комитетінің төрағасы Берік Имашев.

    Президентті ұлықтау рәсімі 12 маусымға белгіленді.

    Ақырғы мәліметтерге сәйкес, «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 539 715 сайлаушы дауыс берген. Ол 70,96% дауыс жинады.

    ҚКХП атынан сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков 1,82% дауыс жинады. Оған 167 649 адам дауыс берді.

    «Ақ жол» партиясынан қатысып, жалғыз әйел кандидат болған Дания Еспаева - 5,05% дауысқа ие болды. Оны 465 714 адам қолдаған.

    "Ұлт тағдыры" қозғалысы ұсынған Әміржан Қосанов болса 1 млн 495 401 дауыспен сайлаушылардың 16,23% қолдауына ие болды.

    «Ауыл» партиясының атынан қатысқан Төлеутай Рахымбековке 3,04% дауыс тиесілі. Оған 280 451 адам дауыс берген.

    Кәсіподақтар федерациясынан үміткер Амангелді Таспихов - 1,98% жинады. Оған 182,898 адам дауыс берді.

    «Ұлы дала қырандары» қозғалысы ұсынған Сәді-бек Түгелге сайлаушылардың 0,92%-ы - 84 582 адам дауыс берген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті болып сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.