jitsu gif
Саясат

    Шөкеев: Жарылыс бірнеше күнге созылуы мүмкін

    : UGC

    Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы жарылыстарға қатысты өткен брифингте эвакуацияның қалай өткенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Кадр 24.kz
    Фото: Кадр 24.kz: UGC

    Әкім қалада 45 мың тұрғын барын атап өтті.

    "Болып жатқан жағдайды көріп, бүкіл қаланы көшіру туралы шешім қабылданды. Жел бағытын ескере отырып, қай жаққа көшіру туралы шешім қабылданды және халықты жинаудың үш нүктесі анықталды.
    Тиісінше, кездесуге шыққан көлік құралдары тартылды. Халық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қаладан кету керек екенінен хабардар болды", - деді аймақ басшысы.

    Ол қаланы аралау әр сағат сайын жүргізіліп жатқанын айтты.

    "Егер жертөлелерде, қандай да бір паналауда қалған адамдар болса, біз сағат сайын сол жерлерді аралап, айналып өтіп, бақылау жүргіземіз. Ол жерден қалған адамдарды алып кетуге тырысамыз.
    Менің ойымша, бұл дұрыс шешім болды, өйткені ауқымы өте үлкен және бұл (жарылыстар - ескерту. ред.) бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бізге қауіпсіздік мақсатында халықты шығару қажет болды", - деп хабарлады Шөкеев.

    Оның сөзінше, көшірілгендерді мектептерге орналастыратын болады. Эвакуациялау нүктелеріне түсушілердің тізімін жергілікті әкімдіктердің қызметкерлері жүргізеді.

    Ол қарбалас кезде балалар жоғалып кеткен жағдайлардың болғанын да айтып өтті.

    "Біз барлық нүктелер, барлық аудандар бойынша Шымкент қаласында осындай жұмыс жұмыс жасап жатырмыз: егер жоғалып кеткен балалар болса, олар суретке түсіріліп, Түркістан облысының әкімдігі сайтында жарияланады.
    Ата-аналар мен балалар бір-бірін тауып жатқан жағдайлар болды. Біз осы жұмысты жалғастырамыз", - деді аймақ басшысы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.