jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Шөкеев астық ору науқанына қатысты

    : Facebook

    Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы Бөржар елдімекеніндегі "Мақта компаниясы" ЖШС-на барды. Онда жалпы облыстағы егіс көлемімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, шаруалармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, облыс басшысы егіс алқабына шығып, комбайн жүргізіп, бидай орды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

    Қазіргі таңда облыстағы бидай алқабының 44 пайызы орылған. Яғни, 94 мың гектардан  183 мың тонна астық жиналып отыр. Жалпы 218 мың гектардың әр гектарынан 21 центнерден өнім алғанда 463 мың тонна бидай алу жоспарлануда. Астық оруға қолда бар 1012 дана астық комбайндардың 90-95% дайындалып, жинау жұмыстарына кіріскен.

    Астық жинау жұмыстарымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарынан бүгінгі таңға 211,4 мың тонна картоп, 553,3 мың тонна көкөніс, 592,4 мың тонна бақша дақылдары жиналып, ішкі сұраныстан басқа Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен басқа облыстарға және шетелге экспортталуда. Жыл соңына дейін 2,7 млн. тонна картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жоспарланып отыр.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

    Егіс алқабында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов өңірдің саладағы жетістіктерін мәлімдеді.

    "Түркістан облысында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 823 мың гектарға егілді. Бұл 2018 жылдан 9,8 мың гектарға артық. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға сәйкес арпа – 1,8 мың гектарға артып, 40 мың га, дәндік жүгері – 2,2 мың гектарға артып, 46 мың га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 5,9 мың гектарға артып, 119,8 мың га, мал азықтық 15,9 мың гектарға артып, 205,8 мың гектарды құрап отыр.
    Ал бидайдың егіс көлемі биыл 218 мың гектарға жетсе, майлы дақылдар – 96,8 мың га, мақта – 129 мың га егілді. Алдын ала жасалынған болжамдық есеп бойынша 218,6 мың га масақты дақылдардың әр гектарынан орташа 21,2 центнерден жалпы 462 мың тонна өнім алу күтілуде", – деді Нұрбек Бақтыбайұлы.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

    Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы сала басшыларына жаз мезгілінде ағын су мәселесін қадағалап, шаруалардың жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды.

    Сондай-ақ, ауыл шаруашығы өнімдерін экспорттау көлемін ұдайы арттырып отыруды жүктеді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: Facebook

    Шөкеев астық ору науқанына қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.