jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Сенат депутаттары қоғамдық кеңес мүшелермен кездесті

    : Facebook

    Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қатысты. Мегаполиске жұмыс сапарымен келген сенаторлар кеңес мүшелерімен пікір алмасып, қоғамдық институттың жұмысын жетілдіру, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау мәселелері бойынша ой бөлісті.

    Сенат депутаттары қоғамдық кеңес мүшелермен кездесті
    : Facebook

    Жиында Нұрлан Құдиярұлы Қоғамдық кеңес 3 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқанын айтып, әлі де жұмысты жетілдіре түсу қажеттігіне тоқталды.

    "Өзіміз сайланған өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуымыз керек. Жүргізіліп отырған жұмыстар, өзекті мәселелерден хабардар болып отыруымыз керек. Президент тапсырмасына сәйкес және Үкімет тарапынан Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының дамуына көп көңіл бөлінуде. Ал қоғамдық кеңес институты билік пен қоғам арасында алтын көпір болуы тиіс. Қоғамдық кеңестің функцияларын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Қоғамдық кеңес әрі қарай да қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса береді деп сенемін", – деді Нұрлан Құдиярұлы.
    Сенат депутаттары қоғамдық кеңес мүшелермен кездесті
    : Facebook

    Айгүл Жарылқасынқызы өңірдегі әлеуметтік қолдау шараларына көбірек көңіл бөлу қажеттігін айтты.

    "Қоғамдық кеңестің ықпалы мен рөлі жыл сайын күшейіп келеді. Елімізде әлеуметтік реформалар жүргізілуде, жаңа әлеуметтік көзқарас қажеттігі туындап отыр. Осы мәселеде сіздерге артылатын жүк көп деп ойлаймын. Шымкент қаласында демографиялық өсім жоғары. Әлеуметтік мәселесі қыз-қыз қайнап тұратын өңір. Шымкент қаласында жер, әлеуметтік көмек, баспана мәселесін шешу өзекті. Болашақта өздеріңізбен осы мәселелерді шешу бағытында тығыз жұмыс істейміз", – деді Айгүл Жарылқасынқызы.

    Жиында кеңес мүшелері де өз ойларын айтып, ұсыныстарын жеткізді.

    Сенат депутаттары қоғамдық кеңес мүшелермен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.