jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Nur Otan партиясының төсбелгісін қай министрлер тақпайды? (фото)

    : UGC

    Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партияның төсбелгісін тақпайтын шенеуніктерді сынады. Ал,

    KAZ.NUR.KZ

    редакциясы қай министр төсбелгіні тақпайтынын анықтады.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Лидердің сөзінше, барлық партия мүшелері арнайы төсбелгіні тағуы керек. Ол мысал ретінде, төсбелгі тағатын Малайзия үкіметін келтірді.

    "Ал, біз ше? Партияға мүше екендігімізден қорқамыз ба? Онда шығыңыздар, басқаларын аламыз", - деді Елбасы.

    Осыған байланысты

    KAZ.NUR.KZ

    редакциясы қай министр Nur Otan төсбелгісін тақпайтынын анықтады.

    Кеше бірнеше министр баяндама оқыған үкімет отырысы өтті.

    Үкіметтің баспасөз қызметі баяндама оқыған министрлердің фотоларын жариялады. Фотолардан олар партияның төсбелгісін тағатын-тақпайтынын көруге болады.

    Руслан Даленов. Фото: primeminister.kz
    Руслан Даленов. Фото: primeminister.kz: UGC

    Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов жыл басынан бері инфляция деңгейі 4-6% қалпында сақталғанын айтты. Ол - Nur Otan партиясының мүшесі. Төсбелгісі жоқ.

    Бақыт Сұлтанов. Фото: primeminister.kz
    Бақыт Сұлтанов. Фото: primeminister.kz: UGC

    Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру жөнінде баяндама оқыды.

    Nur Otan партиясының мүшесі. Төсбелгісі жоқ.

    Сапархан Омаров. Фото: primeminister.kz
    Сапархан Омаров. Фото: primeminister.kz: UGC

    Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бағаны тұрақтандыру үшін өңірлерде азық-түлік тауарларын тұрақтандырудың аймақтық қорлары құрылып жатқанын айтты.

    Nur Otan партиясының мүшесі. Төсбелгісі жоқ.

    Қосымша primeminister.kz сайтында кешегі үкімет отырысынан жалпы фото жарияланды. Үкімет мүшелерінен ол фотодан да партияның төс белгісін көре алмадық.

    Фото: primeminister.kz
    Фото: primeminister.kz: UGC

    Nur Otan партиясының төсбелгісін қай министрлер тақпайды? (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.