jitsu gif

    Бітіруші курсанттар жаяу әскердің жауынгерлік машиналары және танктерімен 100 шақырымға марш жасады

    : Depositphotos

    Құрлық әскерлері Әскери институты бітіруші курсының курсанттары өздерінің мамандықтары бойынша далалық практикалық сабақтардан өтті.

    Фото: Қорғаныс министрлігі
    Фото: Қорғаныс министрлігі: Depositphotos

    Болашақ офицерлер іс жүзінде алған теориялық білімдерін пысықтап, әскери техниканы басқара алу шеберліктерін паш етті және су бөгеттерін ұрыс машинасымен еңсерудің барлық мүмкіндіктерін зерделеді.

    Құрама экипаждар құрамында олар жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен Т-72 танктерінде 100 шақырымдық марш жасады. Арнайы ол үшін әскери институттың оқу-жаттығу орталығында көрсетілімді сабақ ұйымдастырылды.

    Фото: Қорғаныс министрлігі
    Фото: Қорғаныс министрлігі: UGC

    Жауынгерлік техникадағы марш - бұл жолдар мен лекті жолдар арқылы взводтың немесе ротаның легі құрамындағы жай ғана жүріс емес. Ең алдымен, маршты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша барлық дәрежедегі командирлердің жұмысы.

    Курсанттар жауынгерлік машиналарды жүргізу, күрделі жағдайда маневрлеу, әртүрлі кедергілерді еңсеруде табандылық пен батылдықты паш етті.

    "Маршты ұйымдастыру мен өткізуді зерделеу кезең-кезеңмен өтеді. Бірінші курста курсанттар бөлімше командирінің жұмысы көлемінде, екінші және үшінші кезеңде взвод және рота командирі көлемінде қажетті мәселелерді зерделейді. Болашақ офицерлермен 100 шақырымдық марш оқытудың соңғы төртінші курсында батальон командирі ауқымында өткізіледі", - деді Құрлық әскерлері Әскери институты оқу бөлімінің бастығы подполковник Жәнібек Сарғазин.
    Фото: Қорғаныс министрлігі
    Фото: Қорғаныс министрлігі: Depositphotos

    Практикалық сабақтар оқып-үйренушілердің тактикалық, атыс және әдістемелік машығын арттыруға ықпал ететінін, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізудегі қабілеттерін жетілдіретінін айта кеткен жөн. Курсанттар әскерлерге қызмет етуге жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықпен, офицерлер үшін қажетті білім және дағдымен аттанады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.