jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    СІМ басшысы: Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадациялау кезеңіне өтетін шығармыз

    : Depositphotos

    ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайда тұтқындалған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Фото: әлеуметтік желілерден
    Фото: әлеуметтік желілерден: UGC

    Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Nur Otan партиясына азаматттарды қабылдау барысында Ақжарқын Тұрлыбай ісінің жаңа жайттарын айтты.

    Оның сөзінше, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қытай билігіне істі барынша әділ қарау туралы өтініш білдірген.

    Сондай-ақ маман сот процесінің әлі жүріп жатқанын, әзірге тек күту керектігін айтты.

    "Сот процесінен кейін бәлкім, оны экстрадациялау кезеңіне өтетін шығармыз", - деді СІМ басшысы.

    Естеріңізге салсақ, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

    2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді.

    Биыл 3 қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өтті. Отырыста қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық іс материалдары қаралды. Үкімнің қашан жарияланатыны белгісіз.

    Ал 9 қыркүйекте отандасымыздың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазған еді.

    Сондай-ақ, Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов істің неге созылып кеткенін айтқан болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана жасалған Қытайға сапарында отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жеке өтінішін жеткізді.

    СІМ басшысы: Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадациялау кезеңіне өтетін шығармыз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.