jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандықтар үшін 9 наурыз, дүйсенбі жұмыс күні бола ма

    : Depositphotos

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілов "биыл 9 наурыз дүйсенбі қазақстандықтар үшін жұмыс күні ме әлде демалыс па" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ

    ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    9 наурыз демалыс па жоқ па
    Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

    Әбіловтің сөзінше, "мереке күні жексенбіге түссе, онда дүйсенбі күні мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс күні болуы тиіс" деген тапсырманың 3 наурызда түскенін айтты.

    "Мерекелер туралы заңға сәйкес, егер демалыс мереке күніне тура келсе, онда ол келесі жұмыс күніне ауысады. Бірақ, бұл заң тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, бәріне бірдей", - деді Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары.

    Оның айтуынша, қазіргі уақытта премьер-министрдің кеңсесінде бұл мәселеге қатысты бірыңғай әдіс әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жиын өтіп жатыр.

    Әбілов президенттің аталмыш тапсырмасы құқық қорғау немесе арнаулы органдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарына қатысты болуы мүмкін екенін атап өтті.

    Осы орайда ол биылғы жылдың 9 наурызында қазақстандықтар демалады деп болжайтындығын баса айтты.

    "Мемлекеттік қызметшілер жұмыс істеуі үшін алдымен, Мерекелер туралы заңға өзгертулер енгізу қажет", - деді Думан Әбілов.

    Еске сала кетсек, 3 наурызда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырған болатын.

    Одан бөлек мемлекет басшысы коронавирусқа байланысты 8 наурыз мерекесіне орай елордадағы салтанатты жиналыс пен концерттердің өтпейтінін мәлімдеген еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Қазақстандықтар үшін 9 наурыз, дүйсенбі жұмыс күні бола ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.