jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

    Тоқаев
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын 1 қыркүйек күні жариялайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - деді ол.

    Айта кетейік, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Отырыс 1 қыркүйекте сағат 11-де өтеді. 

    Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтуі тиіс болған Nur Otan саяси кеңес бюросының отрысы тағы да кейінге шегерілді. Бұл туралы Бауыржан Байбек әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабардар етті. Оның сөзінше, отырыс 28 тамыз күні өтеді деп жоспарлануда.

    Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың екінші қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жасаған болатын.

    Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.