Саясат

Зектілері

Мемлекет басшысы жұмыстан босату және жалақы берешегі қаупі жөнінде айтты

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін Ұлттық коғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жұмыспен қамту мәселесін көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ішкі көші-қон мәселелері көбіне еңбек нарығындағы жағдайға байланысты. Жұмыс күшін көп қажет ететін мемлекеттік бағдарламалар арқылы басқарылатын жұмыс орындарын құру жұмыспен қамту мәселелерін шешуге көмектеседі, әсіресе дағдарыс кезінде. Биылғы жылы дағдарысқа қарсы шаралардың қабылдануы жұмыс орындарын құрудың жақсы қарқынын сақтауға көмектесті", деді президент.

Алайда, оның ойынша, бұл шаралар халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру үшін жеткіліксіз. Жыл сайын қажетті жұмыс орындарын құру үшін жұмыспен қамтудың аймақтық карталары жасалуы керек.

"Үкімет барлық мемлекеттік бағдарламалардағы жұмыс орындарының көрсеткіштерінің жаңаруын қамтамасыз етуі және тиісті статистикалық есепке алу жүйесін енгізуі керек. Коронавирустық пандемия және соған байланысты шектеу шаралары еңбек нарығына кері әсерін тигізді. Атап айтқанда, жұмыстан босату, жалақы берешегі қаупі бар", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, жағдайды шешудің тиімді шараларының бірі - мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру. Ол қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау - кез-келген мемлекет үшін басым бағыттар деп атады.

"Еліміздің ірі кәсіпорындарында "Халықтық бақылау" жобасын белсенді түрде жүзеге асыру қажет. Оның мәні бұрынғы қызметкерлердің, соның ішінде өндірістік жарақат алғандардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылауында. Тағы бір негізгі бағыт - еңбек нарығын қазіргі заманғы шындыққа бейімдеу", - деді президент.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қазақстанда басшы әйелдердің көбеюі туралы сөз қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1880942-tokaev-zmystan-bosatu-zalaky-beresegi-kaupi-bar/