jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жаңа сайланған мәжіліс депутаттары ант берді

    Мәжіліс1
    Фото: parlam.kz

    Мәжілістің жаңадан сайланған депутаттары ант берді - олардың парламенттегі алғашқы жұмыс күні ант беруден басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мәжілістің жаңа депутаттарының әрқайсысы Конституцияға қолын қоя отырып, ант берді - рәсім президенттің қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін өтті.

    Ант беру рәсімінен кейін мәжілісте пленарлық отырыс өтеді.

    "Мен Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға және маған жүктелген депутаттық міндеттерді адал орындауға ант етемін", - дейді депутаттар.

    Айта кетсек, бүгін, 15 қаңтар күні парламент мәжілісінде VII шақырылым депутаттарының отырысы өткен болатын. Жиын кезінде депутаттар Нұрлан Нығматулинді мәжіліс төрағасы етіп сайлады.

    Еске сала кетсек, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтті. Сайлауға "Қазақстан халық партиясы", "Nur Otan", "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Адал" саяси партиясы қатысқан болатын.

    12 қаңтар күні сайлаудағы дауыс берудің соңғы нәтижелері жарияланып, дауыс беру қортындысы бойынша үш партия - "Nur Otan", "Ақ жол" және ҚХП мәжіліске өтті. Ал 14 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы жетінші шақырылымдағы мәжіліс депутаттарын тіркеді.

    Жаңа сайланған мәжіліс депутаттары ант берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.