jitsu gif
Саясат

    Қазақстанда қашан жаңа үкімет құрылады

    Үкімет үйі
    Фото: otyrar.kz

    Министрлер кабинеті мәжілістің жаңа шақырылымы сайланған соң өкілеттігін тоқтатты. Енді премьер-министр президентке үкіметтің құрамы туралы ұсыныс енгізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Конституцияның 65-бабында премьер-министр тағайындалғаннан кейін президентке он күн ішінде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстар енгізетіні көрсетілген.

    "Үкімет туралы" Конституциялық заңның 19-бабы бойынша премьер-министр Республика президентіне ұсыныс енгізеді:

    • Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы;
    • Сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, парламент мәжілісімен консультациялардан кейін үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады.

    Төменгі палатаның регламентінде  (Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңның 22-1-бабы) үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін мемлекет басшысына ұсынылатын кандидатуралар бойынша мәжіліс пен оның тиісті тұрақты комитеттерінде консультациялар өткізілетіні көрсетілген.

    Тиісті комитеттің отырысында консультациялар өткізу кезінде қызметке кандидатураларды премьер-министр немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам ұсынады.

    Консультациялардың қорытындылары бойынша тиісті комитет талқыланатын әрбір кандидатура бойынша консультациялық (ұсынымдық) сипаттағы қорытынды шығарады.

    "Президент туралы" Конституциялық заңның 10-бабында сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке президент тағайындайтыны көрсетілген.

    Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігі, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.

    Үкімет өзінің бүкіл қызметінде президент пен парламент алдында жауапты.

    Қазақстан Республикасының үкіметі:

    • мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
    • Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
    • мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
    • мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
    • республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
    • министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді;
    • министрліктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
    • Республика президентімен келісім бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
    • өзіне Конституциямен, заңдармен және президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

    Айта кетейік, 15 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды.

    Қазақстанда қашан жаңа үкімет құрылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.