Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Мамин үкімет басшысы болып қайта тағайындалды

Опубликовано:

Асқар Мамин
Фото: egemen.kz

Асқар Мамин үкімет басшысы болып қайта тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Парламент мәжілісінің депутаттары VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының ашылуында үкімет басшысы лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

Асқар Маминнің министрлер кабинетінің басшысы лауазымын сақтап қалуы туралы ұсынысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

99 депутаттың 78-і Маминнің кандидатурасын қолдады.

Көп ұзамай Ақорда Асқар Ұзақбайұлы Маминді Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы қаулыны жариялады.

"Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын",- делінген хабарламада.

Еске салайық, күні кеше тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы фракциясының отырысында болашақ премьер-министрдің кандидатурасына қатысты өз пікірін айтқан еді.

"Менің пікірім - сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, үкімет өз жұмысын орындады. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер президент Мамин Асқар Ұзақбайұлын ұсынса, онда фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын", - деді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894025-askar-mamin-kimet-bassysy-bolyp-kajta-tagajyndaldy/

pixel