jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Депутат шенеуніктерге: Мәскеуге барсаңыз, қаншалықты артта қалғанымызды түсінесіз

    Ақылбек Күршімбаев
    Ақылбек Күршімбаев. Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

    Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев өсімдіктер карантині бойынша отандық зертханалардың жұмысы сын көтермейтінін айтты. Ол елімізде не не заманауи база, не кәсіби мамандар жоқ екенін жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Жуырда қауіпті вирус табылды деген себеппен қазақстандық томат пен бұрыш өнімдерін Ресейге кіргізуге тыйым салынған еді. Күрішбаевтың пікірінше, бұған отандық зертханалардың осы бағыттағы мардымсыз жұмысы да себеп болып отыр.

    "Мұндай сауда соғысында тауардың сапасын ғылыми тұрғыдан растау басты дәлел болып саналады. Ал біздің зертханалық базамыздың жағдайы ешқандай сын көтермейді. Он жыл бойы біз өсімдіктер карантині бойынша зертхананы жөнді ұйымдастыра алмай келеміз. Не заманауи база, не зерттеудің қазіргі әдістерін меңгерген кәсіби мамандар жоқ. Тіпті, сол вирусты талдау үшін ПТР тестілерін Ресейден, яғни, бізге сауда кедергілерін тудырып отырған елден сұрап алдық", - деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

    Егер өз бизнесімізді қорғағымыз және Одақтың толыққанды мүшесі болғымыз келсе, осылардың барлығы өзімізде болуы керек, деп жалғастырды сөзін сенатор.

    "Осы ретте мен бұл жұмысқа жауапты лауазымды тұлғаларға кеңес бергім келеді. Мәскеуге барып, Бүкілресейлік өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институтының қалай жұмыс істейтінін көрсеңіздер, біздің қаншалықты артта қалғанымызды түсінер едіңіз", - деді Күрішбаев.

    Депутаттың айтуынша, елімізде ГМО өнімдерін зерттеу жүйесіндегі жағдай да осындай. Сондықтан Қазақстанға гендік модификацияланған тамақ өнімдері мен тұқымдық материалдың кіру қаупі өте жоғары.

    Осыған байланысты сенатор сараптамалық қызмет көрсететін барлық зертханаға тексеру жүргізуді ұсынды.

    Сондай-ақ, оларды заманауи деңгейде кадрлық, техникалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, еліміздегі сараптама жүргізетін мекемелерді жаңғыртуға қатысты тиісті шаралар қабылдау қажет деп санайды.

    Депутат шенеуніктерге: Мәскеуге барсаңыз, қаншалықты артта қалғанымызды түсінесіз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.